Әссәләму әләйкум, «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» – деген Ахмет Байтұрсыновтың қандастары! Амансыңдар ма «Алланы өзі де рас, сөзі де рас» – деп жырлаған Абайдың ұлты?! Есенсіңдер ме «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар» – деп Мағжанның сенген жастары?! Міне, біз де блог аштық! Жазғандарымды жан-жақта жарияламай жеке блогта болғанын жаным қатты қалаған едім. Қолым жетті. Енді, Алла бұйыртса бүгіннен бастап жазбаларым «wordpress»-тен орын алатын болады(әрине басқа блогтар ұмыт қалмайды). Өзім жайлы: Алдымен қазақпын. Журналистика саласында жүргеніме екі жыл болды. Аздап өлең шығарып, ақ парақты сиялаймын. Оралхан Бөкей мен Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары жаныма жақын. Солай…
#1 авторы Bala Burgem, Тамыз 24, 2011 - 5:07 pm
Блогың құтты болсын!!!
#2 авторы Argyn, Қазан 17, 2011 - 8:19 am
Рахмет, ағасы!
#3 авторы urimtal, Тамыз 27, 2011 - 8:44 pm
Игілігіңізге жарасын!
#4 авторы Argyn, Қазан 17, 2011 - 8:21 am
Айтсын! Болмасақ та ұқсап бағамыз алдыңғы толқын ағаларға сіздей!
#5 авторы aknurjan, Тамыз 28, 2011 - 8:18 am
Оо МашАллаһ, құттықтаймын Берік аға! Сәттілік тілеймін!
#6 авторы tungiyk, Қыркүйек 22, 2011 - 8:53 am
Амандасуыңыз эфирде сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады екен))) Блогыңыз құтты болсын. Іші халыққа пайдалы жазбаларға толсын.