Студент атандым…

Ештен кеш жақсы! Кеш дегенімнің себебі биыл универге тапсырдым. Заңгер мамандығын бітіріп те алғаным бар. Жұп болсынды сүйетін қазақ болғаннан соң, келешекте филология мамандығының дипломы да бір сәулесін түсірер деген ой. Оның үстіне журналистпін. Дипломым — заңгер, қызметім журналист болып жүргені жақпай жүр. Заңгер болуға түк те ниетім жоқ. Ата-анамның нұсқауымен оқығанмын. Жасыратыны жоқ ағаң бар, көкең бар деп, заңгерлікті оқытты. ұнамаса да. Жә, өткен іс өтті. Өкініш жоқ. Сонымен не керек,әне-міне дегенше тесттен 73 бал жинап, студент атандым. Алла қаласа 2 жылдың ішінде филолог болып шыға келем. Бір білгенім, оқуға келгенде кеш деген сөздің өзі еш екен. Өмір атты күнімнің бір сәулесі осы достырым!

1 пікір

Сіз не дейсіз?

Кей еркектерге таңым бар. Отбасын құра салып, біріншім ұл болса екен деп армандайды.  Әйелі қыз босанса,  көңіл күйі түсіп, Құдайға ренішін айта бастайды. Екіншісі де қыз болса, өмірден түңіліп, әйелі адам емес күшік тапқандай күй кешеді. Ішімдікке салынып, перзентханаға мүлде келмей кетеді. Тіпті әйелім ұл таппады деп, ажырасып жатқан еркектерді де білеміз.

Read the rest of this entry »

Пікіріңізді қалдырыңыз

Кім кінәлі?

Жұп болып өмір сүруді Жаратқан барлығына бірдей жазбаған. Бұл сөзіме жүректері жараланып, жалғызбастылықпен ғұмыры өтіп жатқан пенделер дәлел. Жалғыз жүру үлкен қайғы. Отбасы, ошақ қасыңның болмау қайғысы одан да үлкен. Ал, отбасылы бола тұра, өзіңді жалғыз сезінудің қайғысы орасан зор. Бұлай деуімнің де жөні бар. Әңгіменің әлқиссасын өмірлік мысалдармен өрбітіп, сөзіммен қиялдарыңызға қойылым қояйын. Жасыратыны жоқ көп еркектер әйелдеріне разы емес. Разылығының төмен болғандығының салдарынан сезімі сейіліп, махаббаты мәнсізденуде. Read the rest of this entry »

Пікіріңізді қалдырыңыз

Біз неге ұрыса береміз?

«Жаным, мен сені сүйемін. Сені алақанымды аялап ұстаймын. Өмірдегі ең бақытты отбасы боламыз. Өмірдің ыстығында да, суығында да сенің қасыңнан табылып, өзіңе қамқор боламын. Еш ренжітпестен әр кез көңіліңнен шығуға тырысамын» — деп отбасы құрып, жыл өтпей бір-біріне сезімі суып, ақырында ажырасып жататын жандарды бүгінгі қоғамнан көп байқаймыз. Сұмдық. Ата-бабасы мұсылманшылыққа берік болған қоғамда мұндай іс-әрекеттердің белең алуын-ай! Бұндай күйге түсіп қалмауымыз үшін не істеуіміз керек? Read the rest of this entry »

1 пікір

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.